Accessibility links

Алматыда қытайлық көліктердің қозғалысына уақытша тиым салынды


Алматыда тексеріс жұмыстары аяқталғанға дейін Алмарасан, Шымбұлақ, Медеу және Көктөбе сияқты таулы жерлерге қатынайтын қытайлық жолаушылар мен жүк көлігінің қозғалысына тиым салынды.

Бұл туралы хабарлаған Алматы қалалық ІІД жол полициясы басқармасының бастығы Арман Сарбасовтың хабарлауынша, ІІД басшылығы қала әкімінің атына иелігінде ҚХР-да шығарылған жолаушылар мен жүк көліктері бар барлық кәсіпорындарды тексеруден өткізу қажеттігі туралы хат жолдапты. Әкім полицейлердің бұл ұсынысына қолдау білдірген.

Қазір Алматыда тіркелген осындай көліктерді тексеру жөнінде жол полициясы басқармасы қызметкерлері, көлік бақылауы инспекциясы, сондай-ақ денсаулық сақтау департаменті өкілдерінен құрылған арнаулы комиссияның жұмысы басталды. Арман Сарбасовтың айтуынша, Алматыда 3 мың 749 жүк көлігі мен 1039 автобус бар екен.

Осы кезге дейін 50 мекеме тексеруден өтіп, 26 құзырлы тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған, айыппұлдың көлемі жарты миллион теңгеге жуықтаған.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG