Accessibility links

АҚШ-та тұтыну нарығы жанданып, сатылым деңгейі өскен


АҚШ Сауда министрлігі жариялаған жаңа мәліметтерге қарағанда, елдегі тұтыну нарығы қайта жандана бастаған. Шілде айында жылжымайтын мүлік, автокөліктер мен басқа да тауарлардың сатылу деңгейі біршама өскен.

Нақтырақ айтқанда, шілде айында сатылған жеке үйлер саны 10 пайызға, компьютерлік техника мен көлік сату мөлшері 5 пайызға артқан. Бұл көрсеткіштер елдегі жұмыссыздық санының төмендеуімен қоса американдық экономиканың рецессиядан шығуға жақын екендігіне дәлел бола алады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG