Accessibility links

Мұхтар Әблязов: «БТА банкін» мемлекетке алуға қатысты шенді тұлғаларының бәрі жауапқа тартылады


«Республика» ақпарат-сараптамалық порталына берген сұхбатында қазірде шетелде тұрып жатқан бизнесмен Мұхтар Әблязов: «Қазақстан үкіметіне біздің де арызымыз бар, бірақ оны ол елде іске асыру мүмкін емес, ал Ұлыбританияда шағымдануға енді ғана мүмкіндік туды. Мен өзіме және акционерлерге биліктің әрекетінен келтірілген зардап туралы талап-арыз беремін. ТМД-ғы үздік банктің бірі «БТА банкін» мемлекеттің меншігіне алу туралы шешім қабылдаған мемлекеттің жоғары шенді тұлғаларының бәрі жауапқа тартылады», — деген.

Сонымен бірге ағылшын сотына банкті мемлекеттің меншігіне алу туралы шешімді қабылдағанның кім екенін айтуға ниетті бұрынғы банкир банк талап арыздың мәтінін ұсынған кезде біз қарсы талап арыз береміз және біздің жауапкерлеріміздің де активтерінің жұмысын тоқтатуды талап етеміз деді.

Өзінің талап арызының даулы да егжей-тегжейлі болатынын ескерткен Мұхтар Әблязов талап арызындағы сұралатын соманың аз болмайтынын, сондай-ақ қазақстандық жоғарғы шенділердің шешімді қалай қабылдайтыны жөніндегі өз ақпараты елдің инвестициялық имиджіне елеулі нұқсан келтіретінін айтты.

Бұған дейін Қазақстанның «БТА банкі» Англияның Жоғарғы соты аталмыш банктың директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязовқа, бұрынғы басқарма төрағасы Роман Солодченко мен оның орынбасары Жақсылық Жәрімбетовке тиесілі барлық активтердің жұмысын тоқтату туралы бұйрық шығарғаны туралы хабарлама таратқан болатын.

Бұйрықтың шығарылуына «БТА банкі» АҚ-ның осы аталған азаматтардың банктен алаяқтық жолмен 300 млн АҚШ долларын алды деген куәлігі негіз болған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG