Accessibility links

Кавказда 3 бүлікші өлтірілді


Ресейдің Дағыстан республикасында орын алған шайқастарда полиция бүлікші деп күдіктелген 3 адамды өлтірді.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, күдіктілер түнде полиция бекетіне шабуыл жасаған. Кейін оларды полиция қоршап алып, оқ атқан.

Сонымен қатар Шешенстанның Шали қаласында екі жанкешті кісі жарылғыш заттарын жарып жіберіп, 6 адамды жаралады. Олардың үшеуі – полицейлер.

Ресейдің Кавказ аймағында исламшыл бүлікшілер Кремлді қолдайтын жергілікті ресмилер мен елдің қауіпсіздік күштеріне жиі шабуыл жасауда.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG