Accessibility links

Ирақ шииттер көсемі Хакимнің рухына тағзым етті


Осыдан екі күн бұрын Теһранда қайтыс болған Ирақ шииттерінің көсемі Абдель Азиз әл-Хакимнің денесі жұма күні Бағдатқа жеткізілді. Әуежайға жиналған халық оның рухына тағзым етті.

20 жыл қуғында жүріп Иранды паналаған әл-Хаким Ирақ шииттерінің ең ірі партиясы - Ирақ ислам жоғарғы кеңесін басқарды. Ол 2003 жылы АҚШ Ираққа басып кірген соң еліне оралды.

Жұма күнгі шараға Ирақ президенті Жалал Талабани, премьер-министр Нури әл-Малики және басқа да саясаткерлер сондай-ақ АҚШ пен Британия елшілері қатысты.

Қатерлі ісік ауруына шалдығып қайтыс болған әл-Хакимнің денесі елдің оңтүстігіндегі шииттердің қасиетті саналатын Кербалаға жеткізіледі. Жерлеу рәсімі сенбі күні әл-Хакимнің туған қаласы Нажафта өтеді.
XS
SM
MD
LG