Accessibility links

Иран президенті оппозиция жетекшілерін жазалауға шақырды


Иран президенті Махмуд Ахмадинежад оппозиция жетекшілерін даулы сайлауға қатысты толқуларға орай жазалауға шақырды.

Бұл туралы ол жұма күнгі намаздың алдында Теһранда мыңдаған адамға жолдаған мәлімдемесінде айтты. Ахмадинежадтың атап көрсетуінше, сайлаудан кейінгі шерулерге байланысты сотқа тартылған белсенділер ғана емес сондай-ақ наразылық шараларына жетекшілік еткендер де жазалануы тиіс. Ахмадинежад оппозициялық жетекшілердің нақты аты-жөнін атамады.

Сайлауда жеңілген оппозициялық үміткерлер Мир Хоссейн Мусави мен Мехди Каруби Ахмадинежадтың қайта сайлануы заңсыз болды деп айыптады. Оларды бұрынғы президент Мохаммад Хатами қолдады.

Маусым айындағы президент сайлауынан кейін болған шерулерге байланысты 140-тан астам адам сотқа тартылып отыр.
XS
SM
MD
LG