Accessibility links

Өзбекстан Қырғызстанмен шекарасын жапты


Жұма күні Өзбекстан өзінің Қырғызстанмен шекарасын екі аптаға жауып тастады деп хабарлады Азаттықтың қырғыз бөлімі.

Шекараның бір жақты шешіммен жабылуын өзбек жағы 1 қыркүйек – Тәуелсіздік күні және ел астанасы – Ташкенттің 2 200 жылдық мерекесінің тойлануымен түсіндіріп отыр. Мерекелік шаралар бірнеше күнге созылады.

Биылғы мамыр айында бірқатар бүлікшілер Өзбекстанның қырғыз шекарасына жақын Ханабад және Әндіжан қалаларында полицияны атқылаған болатын. Ресми Ташкент бұл шабуылдардың Қырғызстан жағынан болғандығын мәлімдеп, көрші елдің шекарашыларын айыптады. Қырғыз билігі бұл айыптауларды жоққа шығарды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG