Accessibility links

Ресмилер: Қарзай мен Холбруктың кездесуі күрделі жағдайда өтті


Ресмилердің айтуынша, Ауған президенті Хамид Қарзай мен АҚШ өкілі Ричард Холбруктың кездесуі күрделі жағдайда өткен.

Тамыздың 20-дағы президент сайлауына байланысты Кабулдағы кездесуде Холбрук жемқорлық пен сайлауға қатысты айыптауларға өзінің алаңдап отырғанын мәлімдеді. Ресмилердің айтуынша, Холбрук сондай-ақ Қарзай мен оның қарсыласы – бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулла Абдулла сайлаудың екінші турына қатысуы мүмкін деп атап көрсеткен.

Сайлаудың алдын-ала қорытындысы бойынша Қарзай алдында келеді. Сайлаудың ресми нәтижесі қыркүйекке дейін жарияланбайды.
XS
SM
MD
LG