Accessibility links

Расмуссен: Түркия НАТО-ЕуроОдақ ынтымақтастығын қолдауы тиіс


НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен Түркия үкіметін альянс пен ЕуроОдақ арасындағы байланыстардың жақсаруына қарсы болмауға шақырды. Расмуссен бұл туралы Анкарада Түркия сыртқы істер министрі Ахмет Давутоглумен өткізген баспасөз маслихатында мәлімдеді.

Түркия Грециямен арадағы Кипрге қатысты дауына орай НАТО-ЕуроОдақ ынтымақтастығының күшеюіне тосқауыл қойып келеді. Бұл өз кезегінде НАТО-ның Ауғанстандағы іс-қимылдарын қиындатуда деді Расмуссен. Оның алдында НАТО бас хатшысы Греция мен Түркияны өзара дауларын шешуге шақырған болатын.
XS
SM
MD
LG