Accessibility links

Елші: Қазақстан Набукко жобасын қолдайды


Қазақстан Еуропа Одағы мүдделі Набукко газ құбыры жобасын қолдап отыр. Бұл туралы Қазақстанның Әзірбайжандағы елшісі Серік Пірімбетов бүгін Бакуда хабарлады. Интерфакс ақпарат агенттігінің мәліметінше, Пірімбетов Қазақстан әрдайым «құбырлардың көпвекторлық бағыттарына қызығушылық танытқан сондықтан ол Набукко жобасын қолдайды» деген.

Пірімбетовтың мәлімдеуінше, энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселесі Каспий жағалауындағы елдердің бейресми саммитінде талқыланбақ. Әзірбайжан, Қазақстан, Ресей, Түркменстан мемлекеттерінің ресмилері қыркүйектің 11-де Ақтау қаласында бас қоспақ.
XS
SM
MD
LG