Accessibility links

Саакашвили шулы саясаткерді министр етіп тағайындады


Грузия президенті Михаил Саакашвили «темір жұдырық» деген атқа ие шулы саясаткерді қорғаныс министрі етіп тағайындады деп хабарлады Азаттықтың грузия қызметі.

29 жастағы үкімет мүшесі Бачо Ахалия Грузияда шулы әрі ықпалды саясаткерлердің бірі. Президент Саакашвили бейсенбі күні Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің жиынында оны қорғыс министрі етіп тағайындады. Ахалия қорғаныс министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Саакашвили оның тағайындалуын «әскерге ие болатын мықты қолдың» қажеттігімен түсіндірді.

Грузияның оппозиция көсемдері мен белсенділері Ахалияның тағайындалуына қатысты өз қарсылықтарын білдірді. Олар президент Саакашвилидің саяси қарсыластарына қарсы әрекет еткен «өлім эскадроны» делінетін топтың қызметіне Ахалияның қатысы бар деген пікірде.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG