Accessibility links

Тәжікстан Әл-Қаидаға қатысы бар 4 адамды қамады


Тәжікстанның жоғарғы соты бүгін Әл-Қаида ұйымына мүше болғаны үшін 4 адамды 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырды.

Мирзовали Холов 1990-шы жылдардың басында Ауғанстанға барып, 1994 жылы Әл-Қаидаға мүше болып азаматтық соғысқа қатысқан. Билоли Мусозода 1994 жылы Пәкістанға оқуға барып, 1998 жылы Әл-Қаида мүшесіне айналған. Олар 15 жылға түрмеге жабылды.

Сонымен қатар Носир Гуломхайдаров пен Абусаттор Абдуаллоев есімді азаматтар 8 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Олар туралы егжей-тегжейлі мәлімет берілмеді. Аталған төрт азамат Тәжікстанда осы жылдың наурыз және сәуір айларында қамауға алынған болатын.
XS
SM
MD
LG