Accessibility links

Украина Ленин ескерткішін ұлттық монументтер тізімінен шығарды


Жұма күні Украинаның әділет министрі Николай Онищук ел үкіметі Киевтің орталығындағы Владимир Лениннің ескерткішін «ұлттық маңызды монументтер» тізімінен шығару туралы шешім қабылдағандығын хабарлады.

Бұл ескерткіш Тарас Шевченко бульварына 1946 жылы орнатылған болатын. Ал осы жылғы маусымда украиналық ұлтшылдар балғамен соғып ескерткішке қатты зақым келтірген еді. Украина коммунистік партиясы оны қалпына келтіруге ақша бөлетіндігін хабарлады. Әділет министрі Онищук бұл ескерткіштің тағдырына қатысты шешімді Киев әкімшілігі қабылдауы керек деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG