Accessibility links

60 жыл бұрын Совет Одағы Семейде ядролық сынақ жасады


Бүгін Совет Одағының Қазақстан жеріндегі бірінші атом бомбасы сынағына 60 жыл толып отыр. 1949 жылдың 29-шы тамызында жергілікті уақытпен сағат таңғы 7-де Семей өңірінде Совет Одағы 22 тонналық алғашқы ядролық сынағын жүзеге асырды.

40 жылға созылған осындай сынақтар барысында 470 ядролық жарылыс жасалды. Оның 118-і жер үстінде, 352-сі жер астында өткізілді. Ядролық жарылыстармен бірге Семей полигонында химиялық жарылғыш заттарды қолдану арқылы 175 жарылыс болды.
Семей полигонындағы ең соңғы ядролық жарылыс 1989 жылдың 19 қазанында жасалды.

Осылай 60 жыл бұрын Совет Одағы мен Құрама Штаттар арасындағы қырғи-қабақ соғыс кезіндегі ядролық қару бәсекесі басталып кетті. Америка 1945 жылы Хиросима мен Нагасакиге екі бомбасын тастап, өзінің ядролық мүмкіндігін танытқан болатын.

Семей аймағында 40 жыл бойы сыналған ядролық зарядтардың жиынтық қуаты Хиросимаға тасталған бомбаның қуатынан 2,5 мың есе асып түседі екен.

Қазақстан жеріндегі жүздеген жарылысқа ұласқан бұл сынақтардың салдары аймақта тұратын адамдарға үлкен қасірет әкелді. Совет билігі полигон аймағындағы халықты басқа жаққа көшірмеген. Қазірде мыңдаған адам қатерлі ісік, жүйке ауруына шалдықса, көптеген сәби мүгедек болып дүниеге келген.

Совет Одағы ядролық сынақтары кезінде полигон аймағынан тұрғындарды басқа жаққа көшірмеген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG