Accessibility links

Иран сыртқы істер министрі Бағдадқа барды


Бүгін Иран сыртқы істер министрі Манучир Моттаки ирақтық шииттердің саясаткері Абдель Азиз әл-Хакимнің өліміне көңіл айту үшін Бағдадқа барды.

Ирақтағы Жоғары Ислам кеңесінің жетекшісі әл-Хаким ұзақ ауырып, сәрсенбі күні Ирандағы ауруханада көз жұмған. Оның мәйіті Ираққа жұма күні әкелінген. Оны шииттердің Нажаф қаласында жерлейді.

Бағдадтағы Иран елшілігінің хабарлауынша, Моттакидің Ирақтағы сапары осы күні аяқталады. Ол Нажаф қаласындағы әл-Хакимді жерлеу рәсіміне қатыспайды.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG