Accessibility links

Американдық шаттл ғарыш бекетіне ұшып кетті


Сенбі күні таңертең АҚШ-тың Флорида штатындағы Кеннеди ғарыш орталығынан Дисковери ғарыш кемесі халықаралық ғарыш бекетіне аттанды.

НАСА ресмилері 128-ші ғарышқа көтерілу сәтті өткенін мәлімдеп, ғарыш кемесінің 13 күнге созылатын сапары барысында халықаралық ғарыш бекетіне азық-түлік пен жаңа жабдықтар жеткізеді деді.

Негізінде Дисковери ғарыш кемесі сейсенбі күні ғарышқа ұшу керек болған, бірақ ауа-райының қолайсыздығы мен техникалық ақауларға байланысты кейінге шегерілді.

Ішінде 7 астронавты бар ғарыш кемесі жеті тоннадан аса ғылыми жабдықтар мен азық-түлік заттарын алып кетті.
XS
SM
MD
LG