Accessibility links

Ауғанстанда жанкештілік шабуыл 2 кісінің өмірін қиды


Бүгін Ауғанстанның оңтүстігінде бір жанкешті өзін НАТО күштеріне жақын жерде жарып жіберді. Шабуылдан екі ауғандық қаза тауып, 20-дан аса кісі жарақат алды.

Забул аймағының ресми өкілі Абдул Қаиум жарылыс әскерлер базарға бара жатқан кезде орын алғанын айтты. Бұл жарылысқа жауапкершілікті талибандар алып, оны мотоцикл жүргізушісі жасады деп отыр.

Ауғанстандағы АҚШ-тың басты әскери базасының өкілі бұл жанпидашылық жарылысты растады. Бірақ адам шығыны туралы хабар бермеді.

AzattyqTV

Әлеуметтік желіге шолу

"Қызықстанның нұрлы жолдары"

XS
SM
MD
LG