Accessibility links

Ауғанстанда сайлауға қатысты шағымдар 2 мыңға жетті


Ауғанстанның сайлау шағымдарын қарайтын комиссиясы өздеріне өткен аптадағы дауыс берулерге қатысты 2 мыңдай шағым келіп түскенін хабарлап отыр.

Тамыздың 20-да өткен сайлау қортындысына дауыс беру барысында заңбұзушылықтар мен бұрмалаушылықтар болды деген 270-дей шағым әсер етуі мүмкін делінген комиссияның хабарында.

Ондағы шағымдардың басым бөлігі сайлау учаскелерінің қызметкерлерін айыптаған және қорқытып-үркітті, нашар жазатын қаламдар болды, жалған дауыс беру бюллетендері урнаға көптеп тасталды деген заңбұзушылықтарды жазып отыр.

Билік сайлау қортындысының 17 пайызын ресми түрде жариялап қойды. Бір жақты қортындылар қазіргі президент Хамид Қарзайдың басты қарсыласы бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулла Абдулладан 10 пайыз алда келе жатқанын көрсеткен.

Абдулла дауыс беру барысында бұрмалаушылықтар болды деп мәлімдеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG