Accessibility links

Ресейдің Кавказ аймағында қақтығыстар болды


Ресейдің Кабардин-Балқар еліндегі қауіпсіздік күштері мен содырлар тобымен қақтығыс болды деп хабарланды.

Қауіпсіздік күштері жұма күні кешкісін аймақта терроризмге қарсы операциялар жүргізген. Онда үкіметтік күштер кемінде 3 бүлікшіні өлтіргендерін айтып отыр.

Соңғы айларда Ресейдің Шешенстан, Ингушетия және Дағыстан аймағында полиция қызметкерлеріне қарсы шабуыл көбейе түскен еді, енді оларға тағы бір кавказ аймағы Кабардин-Балқар республикасы қосылды.
XS
SM
MD
LG