Accessibility links

Меркель Польшада соғысты еске алу шарасына қатысады


Бүгін Германия канцлері Ангела Меркель өзін қыркүйектің 1-дегі Екінші Дүниежүзілік соғыстың басталғанына 70 жыл толғанына қатысты шараларға Польшадан шақырту алғанын екі ел арасындағы “табысу белгісі” деп қоштайтынын айтты.

Өзінің апталық видео жолдауында Меркель ханым, қыркүйектің 1-і нацистік Германиядан зардап шеккендердің рухына тағзым ету күні дей келе, бұл соғысты бастаған Германияның есіне өз кінәсін түсіретін күн деді.

Және Германия канцлері бұл атаулы күнді бүгінгі таңда тараптарды достар мен әріптес ретінде бірге жұмыс жасауға мүмкіндік берген күн деп атады.

Меркель ханым сейсенбі күні Польша және Ресей жетекшілерінің қатысуымен Гданскіде өтетін еске алу шарасына қатыспақшы.

1939 жылдың 1-ші қыркүйегінде нацистік Германия соғысты бастап Польшаға шабуылдаған.
XS
SM
MD
LG