Accessibility links

Түркия сыртқы істер министрі Ирақ, Сирияға барады


Түркия сыртқы істер министрі Ахмет Дәуітоглу дүйсенбі күні Ирақ пен Сирияға сапармен барады. Оның бұл сапары Бағдадтың Дамаск бүлікшілерді қорғап отыр деген айыптауға байланысты елшілерін қайтарып алған дағдарыстан кейін болып отыр.

Түркия сыртқы істер министрі көрші екі елді табыстыруға күш салмақшы. Ахмет Дәуітоглу Сирия президенті Башар әл-Ассадпен, сыртқы істер министрі Валид Муаллеммен кездесіп, Ирақ тарапынан премьер министр Нури әл-Мәликимен, ирақтық әріптесі Хошияр Зебаримен келіссөздер өткізбекші.

Ирақ пен Сирия арасындағы байланыстар Бағдад Дамаскіні тамыздың 19-дағы 95 адамның өліміне әкелген екі бірдей көлік шабуылының артында тұрған бүлікшілер жетекшісін тығып отыр деп айтқан соң, нашарлап кеткен.

Осы аптаның басында Ирақ өзінің Дамаскідегі елшісін шақырып алды. Оған жауап ретінде екі сағаттың ішінде Сирия да өзінің Бағдадтағы елшісін қайтарып алған.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG