Accessibility links

Британ премьері Гордон Браун Ауғанстанға барды


Британиялық ақпарат құралдары елдің премьер-министрі Гордон Браун сенбі күні күтпеген сапармен Ауғанстанға барғанын айтуда.

BBC мен Sky News телеарналары Браун ауғандықтар өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көбірек жауапкершілік ала алатындай, Ауғанстанның қауіпсіздік күштерін жаттықтыруды күшейтуге сөз берген деп жатыр.

Хабарларға қарағанда, премьер-министрі Гордон Браун бұл мәселені АҚШ-тың Ауғанстандағы жаңа қолбасшысы, генерал МакКристалмен талқылаған.

Браун сондай-ақ Хельманд провинциясындағы британдық күштерді аралаған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG