Accessibility links

Иран парламенті жаңа кабинет мүшелерін талқылай бастады


Иран парламенті жаңа үкіметке президент Махмуд Ахмадинежад ұсынған кандидатураларды талқылауын бастады. Үш күндік пікірталастан кейін парламентариилер жаңа кабинет мүшелеріне дауыс беру керек.

Ахмадинежад парламентке ұсынысы кезінде, жаңа үкімет әділеттік және ұлттық беделге қызмет етуі керек болады. Және Батыс тарапынан болатын қандайда бір қысымға қарсы тұратындай ықпалды болуы тиіс деген.

Президент ұсынған жаңа үкіметтің 21 мүшесі болады. Онда бұл елдің тарихында бірінші рет үш әйел білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету министрлігіне ұсынылып отыр.
XS
SM
MD
LG