Accessibility links

Жапондықтар парламент сайлауына қатысуда


Жапонияда парламент сайлаулары өтуде. Жалпы сайлауларда оппозициялық Демократиялық партия ұзақ отырған консерватив Либералды Демократиялық партияны биліктен кетіруді көздеп отыр.

Сайлауда дауыс беру құқы бар 103 миллиондай жапондық дауыс беріп, парламенттің төменгі палатасындағы 480 орынға депутаттар сайланады.

Сайлауға дейінгі сауалнамалар оппозициялық Демократиялық партияның жеңіске жетуі мүмкіндігін көрсеткен. Егер олар жеңіске жетсе, 50 жылдан артық билікте отырған Либералды Демократиялық партияның орнына келеді.

Сарапшылар премьер-министр Таро Асоның жетекшілігіндегі Либералды демократиялық партияны дауыс берушілер елдегі экономикалық қиындықтар мен жұмыссыздық деңгейінің өскені үшін кінәлап отыр дейді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG