Accessibility links

Ирақтағы шабуылдардан 20 адам қаза тапты


Ирақта бір күнде бірнеше шабуыл болып, 20 шақты адам қаза болды. Бұл Рамазан айы басталғаннан бергі адам шығыны көбейген күн болып отыр.

Сенбі күні Бағдадтың солтүстігіндегі қалада болған бомбалық шабуылдардан кемінде 9 адам құрбан болса, келесі бір шабуыл Сириямен шекаралас Синжар қаласындағы базарда болып, төрт кісінің өмірін қиды.

Сенбі күні Ираққа сапармен барған Иран сыртқы істер министрі Манучир Моттаки көршілес елдерді ирақтың қауіпсіздігін талқылауға шақырды. Оның бұл мәлімдемесі Бағдад пен Дамаск арасында осы айдағы 100 адамның өліміне әкелген шабуылға байланысты кикілжің орын алған тұста айтылды.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG