Accessibility links

Медведев: II-ші Дүниежүзілік соғыс үшін Советті кінәлау сорақылық


Ресей президенті Дмитрий Медведев II-ші Дүниежүзілік соғыс үшін Совет Одағы мен Нацистік Германияны теңдей айыптау шындыққа келмейді деді.

Ол маусым айында сталинизм мен нацизмді бірдей айыптайтын ЕҚЫҰ-ның Парламенттік Ассамблеясы қабылдаған қарар туралы айтып отыр.

Медведевтің сұхбаты жексенбі күні мемлекеттік телеарналарға шығады. Ол сейсенбі күні Польшаның Гданск қаласында Нацистік Германияның басқыншылығына 70 жыл толғанын атап өту шарасы алдында айтылып отыр.
XS
SM
MD
LG