Accessibility links

Колумбия президентінде H1N1 вирусы табылды


Колумбия президенті Альваро Урибе доңыз тұмауына шалдықты.

Хабарларға қарағанда, 57 жастағы Урибе қауіпті науқас деп есептелмейді және оның денсаулық жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Ол президент резиденциясында емделіп жатыр.

Урибе жұма күні Оңтүстік Америка жетекшілерінің Аргентинадағы саммитінде өзін нашар сезіне бастаған.
XS
SM
MD
LG