Accessibility links

Жапония премьер-министрі партия басшылығынан кететіндігін айтты


Жапония премьер-министрі Таро Асо ұлттық сайлаулардағы жеңілісінен кейін Либерал-демократиялық партияның басшылығы қызметінен түсетіндігін мәлімдеді.

«Партиямыздың парламенттегі айтарлықтай көп орыннан айырылғанына байланысты мен өкініп отырмын. Партия басшысы ретінде мен үлкен жауапкершілікті сезінемін. Нәтижесінде мен ЛДП партиясының төрағалығынан кетуді қалаймын», - деді Таро Асо.

Жексенбілік сайлауда оппозициялық Демократиялық партиясы жеңіске жетіп, заң шығарушы парламенттегі көп орынға ие болды. Осылайша либерал-демократтардың жарты ғасырға созылған билігі аяқталды.

Ресми нәтижелер әлі жарияланған жоқ, бірақ exit poll әдісі демократтар парламенттің төменгі палатасындағы 480 орынның 308-ін иеленгендігін хабарлады.

Демократтардың жетекшісі Юкио Хатояма екі аптадан кейін премьер-министр қызметіне кіріседі деп күтілуде. Ол әлемде екінші орындағы ел экономикасын дағдарыстан шығарып, жұмыссыздықты азайтуды көздейді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG