Accessibility links

Ташкенттегі атыстан кемінде 2 адам қаза тапты


Өзбекстан астанасы Ташкентте орын алған атыстан кемінде екі адам қаза тапты деп хабарланып отыр. Азаттық радиосы өзбек қызметінің мәліметінше, атыс қаланың ескі шаһарында сенбі күні болған.

Полиция қарулы адамдар жасырынып отырған бір ғимаратты қоршап алған соң атыс басталды деп хабарлануда. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, атыстан 4 полиция қызметкері жарақат алды. Бұл оқиғаға байланысты ресми мәлімдеме айтылмады.

Қыркүйектің 1-де Өзбекстан Тәуелсіздік күнін тойлайды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG