Accessibility links

Путин Молотов-Риббентроп келісімін айыптады


Ресей премьер-министрі Владимир Путин фашистік Германия мен Совет одағы арасында 1939 жылғы өзара шабуыл жасаспау туралы Молотов-Риббентроп келісімін «адамгершілікке жат» деп айыптады.

Дүйсенбі күні Польшаның "Gazeta Wyborcza" басылымында жарияланған ашық хатта Путин, сондай-ақ, Катынь оқиғасын да айыптаған. Катынь жерінде совет әскері 20 мыңнан астам поляк офицерлері мен зиялы қауым өкілдерін қырып тастаған болатын.

Путиннің бұл мәлімдемесі сейсенбі күні II дүниежүзілік соғыстың басталғанына 70 жыл толуы қарсаңында жасалып отыр. Соғыс 1939 жылы 1 қыркүйекте фашистік Германия әскерінің Польшаның Гданск қаласына басып кіруімен басталған болатын.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG