Accessibility links

Ресей: Дағыстанда Әл-Қаида агенті өлтірілді


Ресей қауіпсіздік күштері Дағыстанда шетелдік Әл-Қаида агентін өлтіргендерін хабарлады.

Елдің қауіпсіздік бойынша ресми өкілі бүгін теледидардан сөйлеген сөзінде бүлікшілердің арасында «Доктор Мухаммед» деп аталып кеткен Алжир азаматы өлтірілді деп мәлімдеді. Жексенбі күні Шешенстанмен арадағы шекарада орын алған рейдте тағы бір бүлікшінің көзі жойылғандығы хабарланып отыр.

Ресей билігі шетелде орналасқан исламшыл ұйымдарды Солтүстік Кавказда зорлық-зомбылық әрекеттерін қаржыландыруда деп айыптады.
XS
SM
MD
LG