Accessibility links

Мәскеуде оппозицияның шеруіне рұқсат берілмеді


Ресейдің оппозициялық «Другая Россия» коалициялық тобы бүгін Мәскеудің Триумф алаңында «келіспеушілер» маршын өткізбекші болған еді деп хабарлайды Азаттықтың орыс қызметі. Алайда Мәскеу әкімшілігі бұл жерде басқа бір қоғамдық шара өтетіндігін алға тартып, оппозицияның жиынына рұқсат бермеді.

Коалиция жетекшілерінің бірі Эдуард Лимонов Азаттық радиосына әкімшіліктің тыйымына қарамастан бұл шара өтетіндігін жеткізді. Оның айтуынша, шараның мақсаты - Конституцияның жиындар еркіндігі туралы 31-ші бабын қолдау мақсатында әрбір айдың соңғы күні «келіспеушілер» митингісін өткізу.

Бұған дейін «Другая Россия» коалициялық топтың 31 маусымда өткізген жиыны милицияның күшімен таратылып, 50-ге жуық адам ұсталған еді.

XS
SM
MD
LG