Accessibility links

Қырғызстан тәуелсіздігінің 18 жылдығын атап өтуде


Азаттық радиосы қырғыз қызметінің хабарлауынша, президент Құрманбек Бәкиев Бішкектегі Қырғызстан филармониялық қоғамдастығында сөйлеген сөзінде елді дамыту үшін алда атқарар көп міндет бар деп мәлімдеді.

«Олардың ең маңыздысы ұлттық мұрамызды дамыту, әртүрлі мәдениеттерді сақтау, жекеменшік мүлік құқықтарына кепілдік беру, құқық ережелерін орнату және құқықтық мемлекет құру», - деді Бәкив.

Қырғызстан 1991 жылы тамыздың 31-де Орталық Азия елдерінің арасында бірінші болып өз тәуелсіздігін жариялаған болатын.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG