Accessibility links

АҚШ қолбасшысы ауған стратегиясын өзгертуге шақырды


АҚШ пен НАТО күштерінің Ауғанстандағы қолбасшысы елдегі жағдайды күрделі деп сипаттап, стратегияға өзгерістер енгізу арқылы сәттілікке қол жеткізсе болады деп мәлімдеді.

Дүйсенбі күні армия генералы Стэнли МакКристал АҚШ пен НАТО-ның қолбасшыларын стратегияға шолумен таныстырды. Әскери басшылар бұл аймаққа қосымша күштер енгізудің қажеті бар-жоқтығын әзірге хабарламады.

Қазіргі таңда МакКристал Ауғанстандағы 100 мыңнан астам сарбазды, соның ішінде АҚШ-тың 63 мың жауынгерін басқарып отыр. АҚШ әскерінің жартысынан астамы бұл аймаққа президент Барак Обаманың нұсқауымен мамыр айында жіберілген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG