Accessibility links

Түркменстан Каспийде база орнатпақ


Президент Гурбангұлы Бердымұхаммедовтың мәлімдеуінше, Түркменстан Каспийдегі Туркменбаши қаласында әскери теңіз базасын орнатпақшы. Бұл аймақ Әзірбайжанмен арадағы даулы жер орталығы боп табылады.

Әзірбайжан мен Орталық Азияның ең ірі газ экспорттаушысы Түркменстан Каспий теңізіндегі мұнай мен газға бай жерлерге байланысты дауласып қалған болатын. Өткен айда Бердымұхаммедов Түркменстан үкіметі бұл мәселені халықаралық сотқа береді деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG