Accessibility links

Мәскеуде бірнеше оппозиция белсендісі ұсталды


Дүйсенбі күні Мәскеудегі оппозициялық жиынға қатысқан ондаған белсенді тұтқындалды деп хабарлайды Азаттық радиосының орыс қызметі. Қала әкімшілігі Триумф алаңындағы «келіспеушілер шеруіне» рұқсат бермеген болатын.

Қамауға алынғандардың арасында «Другая Россия» коалициялық тобының жетекшілерінің бірі Эдуард Лимонов бар. Сонымен қатар «Адам құқықтары үшін» қозғалысының лидері Лев Пономарев те біраз уақытқа тұтқындалды.

Бұдан бұрын Лимонов шараның мақсаты - Конституцияның жиындар еркіндігі туралы 31-ші бабын қолдау мақсатында әрбір айдың соңғы күні «келіспеушілер» митингісін өткізу деп айтқан болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG