Accessibility links

Мәскеу соты Қадыровтың шағымын келесі айға қалдырды


Мәскеу соты Шешенстан президенті Рамзан Қадыровтың құқыққорғаушыға қарсы түсірген шағымын қарауын қыркүйектің 10-на қалдырды.

Азаттық радиосы орыс қызметінің хабарлауынша, Қадыров адам құқықтары бойынша «Мемориал» орталығының басшысы Олег Орловты «ар-ожданыма нұқсан келтірді» деп айыптап, сотқа берген. Шілденің 16-да Мәскеуде өткізген баспасөз маслихатында Орлов Қадыровты Шешенстандағы құқық қорғаушы Наталья Эстемированың өліміне қатысы бар деп айыптаған болатын.

Эстемированың мәйіті өткен айда Ингушетияда табылған-ды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG