Accessibility links

Қызылорда облысында күкірт қышқылын өндіретін зауыт салынбақ


Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында күкірт қышқылы зауытының іргетасына капсула салынды, оған «Қазатомпром» ҰАК-ның президенті Владимир Школьник қатысты, — деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

«Бұл зауыт Қызылорда облысының инновациялық жобасы болып табылады, жоба «2004-2015 жылдар аралығында Қазақстанның уран өнеркәсібін дамыту» бағдарламасының аясында Marubeni Corp, TEPCO (Япония), Uranium One (Канада) үш шетелдік инвестордың қатысуымен жүзеге аспақ.

Зауыттың қуаттылығы жылына 500 мың тонна күкірт қышқылын өндіруге жетеді, ғимарат пайдалануға 2011 жылдың төртінші тоқсанында беріледі.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG