Accessibility links

Мұхтар Әблязов: Қазақстанның банк жүйесінің жағымсыз салдарларын шенеуніктерінің әрекетінен іздеу керек


ҚазТАГ-қа берген сұхбатында қазірде шетелде тұрып жатқан бизнесмен Мұхтар Әблязов «БТА банкін» мемлекеттің меншігіне алу туралы шешім қабылдаған мемлекеттің жоғары шенді тұлғаларына қатысты шағымдануды Англияда бастайтындығын, сондай-ақ банктің жаңа акционері «Самұрық-Қазына» мен үкімет және оның жетекшілерінің жауапкершілікке тартылатындығын айтты.

Агенттіктің бұрынғы банкирдің сөзі Қазақстанның банк жүйесінің имиджіне нұқсан келтірмей ме деген сұрағына Әблязов: «Біз үш жылда БТА банкін ТМД-ғы ірі банкке айналдырдық. Ал қазіргі билік туралы айтар болсақ, олардың банкке араласуымен бірге елдің қаржылық жүйесінің құлдырауы басталды. Инвесторлардың сенімін жоғалтты, мұның бәрі мемлекеттің жоғары шенді шенеуніктерінің әрекетімен байланысты. Жағымсыз салдарларды бізден емес солардан іздеу керек», — деді.

Мұхтар Әблязовтің мәлімдемесіне орай сұхбат берген Қазақстанның Бас прокуратурасы тергеу тобының бастығы Сәкен Ықсанғалиев банктің шетелде тығылып жүрген бұрынғы қызметкерлеріне көмектесу ниеттілігін айтқан. «Адамдардың бұрынғы басшылықтың алдағанына көздері жетті, енді олар елге оралғылары келеді, бірақ олардың кері қайтуына бұрынғы басшылық кедергі келтіруде», — деген Сәкен Ықсанғалиев сот ісінің қызметкерлердің қатысуынсыз өтуіне байланысты «тығылып жүргендерді ешкімнің күтпейтінін» айтқан.

«Қазір әлем экономикалық дағдарысты бастан кешіруде. Мұны мамандар қаржы саласындағы ірі ойыншылардың жеке басын ойлайтындығымен байланыстырады. Сондықтан Әблязов пен оның сыбайластарының банктен құпия, заңсыз түрде көп мөлшердегі активтерді шығарып алу ойыны осы мемлекетте тұрып жатқан бәріміз үшін қауіпті. Бұл ойындар басқа банктерде қайталанатын болса, тіпті қауіп күшейеді, мемлекет мұндай ойындарды қадағалауға және дер кезінде жолын кесуге міндетті», — деген тергеу тобының бастығы.
XS
SM
MD
LG