Accessibility links

Қазақстан азаматтары мен шетелдік қоныстанушылар үшін жаңа құжат жасалмақ


Қазақстан үкіметі ҚР азаматтарының жеке төлқұжаты мен шетелдіктердің қоныстануына берілген ықтиярхатының жаңа үлгісін бекітті.
Ресми БАҚ-да жарияланған үкіметтің қаулысына сәйкес, бұл қаулы шыққанға дейінгі берілген төлқұжаттар мен ықтиярхаттар жарамдылық мерзімі біткенше қолданыла береді.

ҚР азаматтарының жеке төлқұжаты 85,72 х 54,03 миллиметр көлеміндегі берік те көпқабатты материалдан жасалған смарт-карта пішіндес. Сондай-ақ бұл құжатта оның иесі туралы электронды мәліметтер жинақталған, жады қабілеті 64 Кб –тан кем емес микросхема орнатылған.

Құжаттың беткі жағында иесінің суреті мен қолы қойылып, аты-жөні, туған күні, айы, жылы мен дербес идентификациялық номері жазылады, ықтиярхат та осындай параметрлермен жасалады.
XS
SM
MD
LG