Accessibility links

Ауғанстанда коалицияның 4 сарбазы қаза болды


Ауғанстанда екі американ және екі британ жауынгері бомбаға түсіп қаза болды. Дүйсенбі күні тіркелген осы оқиғадан соң тамыз айының басынан бері Ауғанстанда қаза болған АҚШ жауынгерлерінің саны 47-ге жетті.

Дәл сол күні АҚШ және НАТО қолбасшысы генерал Стэнли МакКристал ауған соғысының стратегиялық шолуын Пентагон мен НАТО-ның штаб-пәтеріне жолдаған болатын. Құжатта МакКристал Ауғанстандағы жағдайды «күрделі» деп бағалап, стратегияға өзгерістер енгізу қажеттігін жазды.

Маккристал қосымша әскер керектігі туралы ештеме айтпады, бірақ НАТО-ның ресми өкілдері алдағы екі апта көлемінде әскер санын көбейтуді жоспарлап отыр.
XS
SM
MD
LG