Accessibility links

Саркози: Ирандықтар қазіргіден де жақсы жетекшіге лайық


Франция президенті Николя Саркози дүйсенбі күні Берлинде Германия канцлері Ангела Меркельмен кездесіп, Иранның ядролық бағдарламасына қатысты санкцияларды күшейту мәселесін талқылады.

Саркози келіссөздерден кейін журналистерге айтқанында, "ирандықтар қазіргі жетекшілерінен гөрі жақсырағына тұрарлық" деп айтты.

Ол сондай-ақ, егер Иран өзінің ядролық бағдарламасының ашықтығын талап еткен халықаралық қауымдастықпен ынтымақтастыққа
көнбесе, Германия мен Франция Теһранға күшейтілген санкциялар салуға шақырған үндеулерге қосылады деді.

Өз кезегінде Ангела Меркель “Иран біз мұны шын айтып отырғанымызды білуі керек” деген. Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері сәрсенбі күні Германияда кездесіп, Иранның ядролық бағдарламасын талқыламақшы.
XS
SM
MD
LG