Accessibility links

Азаттық Радиосы әлемдік «Online Journalism Awards» сыйлығынан үміткер үшеудің бірі


Азаттық Радиосы (Азат Еуропа/Азаттық Радиосының қазақ қызметі) интернет журналистика саласында әлемдегі ең мәртебелі «Online Journalism Awards» сыйлығынан үміткерлердің қатарына енді.

Азаттық Радиосының интернет сайты бұл сыйлықтың "Ағылшын тілді емес кіші сайт" категориясында (General Excellence in Online Journalism, Small Site) финалға шықты. Ақтық сынға, Азаттықпен қатар, Италия және Испания сайттары ілігіп отыр.

Ал «ірі сайт» номинациясы бойынша BBC News, The New York Times және Washington Post Digital интернет сайттары финалға енді.
Жеңізпаз биыл 3 қазанда Сан-Франциско қаласында анықталады.

Азаттық радиосының жаңарған веб сайты 2008 жылдың тамызынан бері жұмыс істеп келеді. 2008 жылдың қараша айында Азаттық радиосы Қазақстандағы белгілі "Ұлттық интернет сыйлығы - Award.KZ" байқауының екі бірдей бас жүлдесін жеңіп алған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG