Accessibility links

Ирақ Сербиядан соғыс ұшақтарын қайтарып алмақшы


Ирақ осыдан 20 жыл бұрын Сербияға жіберілген 19 соғыс ұшағын қайтарып алуды қарастырып жатыр.

Сербияның ақпарат агенттіктері жазып жатқандай, Ирақтың Қорғаныс министрлігі Сербия ресмилерінен МиГ-21 және МиГ-23 ұшақтарын Ираққа мүмкіндігінше тезірек қайтаруды сұраған.

Бұл ұшақтар 1989 жылы сол кездегі Югославияға жөндеуге жіберілген. Бірақ 1990 жылы Ирақтың Кувейтке басқыншылығына байланысты енгізілген ембаргодан кейін ол қалып қойған.

Сербиялық баспасөз бұл ұшақтардың көбісі бөлшектеніп кеткендіктен оларды қайтару жоспары қиын болуы мүмкін деп айтуда.
XS
SM
MD
LG