Accessibility links

Қазақ дзюдошысы алғаш рет әлемді бағындырды


Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, қазақстандық Максим Раков отандық дзюдо тарихында алғаш рет әлем чемпионы атанды.

Дзюдодан әлем біріншілігі 26-30 тамыз аралығында Роттердам қаласында өтті. Чемпионатта қарағандылық дзюдо мектебінің түлегі Максим Раков 100 келіге дейінгі салмақтағы бәсекелерде алтыннан алқа тақты.

Бұған дейінгі біріншіліктерде, атап айтқанда 2001 жылы Мюнхенде Асхат Жіткеев пен Асхат Шахаров қола жүлдегер атанған болатын. Сонымен қатар, Асхат Жіткеев - Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG