Accessibility links

Ливияда Каддафидің билікке келгеніне 40 жыл толғаны тойлануда


Ливия апта басын президент Муаммар Каддафидің төкеріспен билікке келгеніне 40 жыл болғанын тойлаумен бастады.

1969 жылдың 1-ші қыркүйегінде 28 жасар армия офицері Каддафи аздаған әскери топпен мемлекеттік төңкеріс жасап, елдің патшасы Ыдырысты биліктен кетірген.

Каддифидің президенттігіне 40 жыл толғанына арналған шараларға Еуропа аймағынан тек Сербия президенті Борис Тадич қатысады деп күтіліп отыр.

Ливия Батыспен бірнеше жылға ұласқан дипломатиялық оқшауланудан шыға бастаған. Бірақ Каддафи өткен айда Шотландияның 1988 жылғы Локерби шабуылдары бойынша өмірлік түрмеге жабылған ливиялықты босатқанын оң қабылдап, жаңадан дауға қалды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG