Accessibility links

Арменияның ұлттық партиясы Түркиямен келісімді сынады


Сейсенбі күні Арменияның ұлттық Дашнакцутюн партиясы екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасты қайта жаңғырту туралы Армения мен Түркия үкіметтерінің өзара келісімін сынады.

Партияның мәлімдеуінше, Ереван армяндардың геноциді тақырыбын Түркиямен келіссөздер барысында пайдалануды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, армения ұлтшылдары Түркиямен бұл тақырыптағы саяси келіссөздерді жүргізуге президенттің де, үкіметтің де құқығы жоқ деп есептейді.

Дүйсенбі күні Ереван және Анкара Берн қаласында Швейцарияның арағайындығымен өзара дипломатиялық қарым-қатынас орнатуды көздейтін екі хаттаманы жариялаған болатын.
XS
SM
MD
LG