Accessibility links

Human Right Watch Қазақстанды құқыққорғаушының соты әділ болуына шақырды


Human Right Watch ұйымы қазақстандық белгілі құқыққорғаушы Евгений Жовтиске абайсызда адам қағып кеткеніне байланысты тағылған айыптар алаңдаушылық тудырып отыр деді.

Бұл ұйым Жовтистің сот процесінің әділетті түрде өтуін Қазақстан үкіметі қамтамасыз етуі керек деген.

Үкіметтің сыншысы болған құқыққорғаушының ісіне қатысты тергеулер саяси мақсаттарға пайдаланылып кете ме деген қорқыныш танытады Human Right Watch.

Адам құқын қорғау мен заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық қазақстандық бюроның жетекшісі Евгений Жовтистің соты қыркүйектің 2-сіне белгіленген. Оған жол жүру тәртібін бұзды деген айыптар тағылып отыр. Егер оны айыпты деп тапса, бес жылға дейін түрме жазасын алуы мүмкін.

Евгений Жовтис шілденің 26-да Алматы маңындағы Бақанас елдімекеніндегі трассада жол ортасына шығып кеткен бір жас жігітті қағып, соның салдарынан ол адам қаза тапқан еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG