Accessibility links

Human Right Watch: Ашхабад студенттің шетелде оқуын шектемеу керек


АҚШ-тың адам құқығына қатысты Human Rights Watch ұйымы Түркменстан үкіметін студенттердің шетелге барып оқуына қойылған кедергілерді алып тастауға шақырды.

Ұйым, сонымен бірге, шетелде оқушыларға қатысты жаңадан енгізілген күрделі талаптарды білім алу еркіндігін шектейді деп атап, Түркменстан үкіметін оларды алып тастауға үндеді.

Жаңадан енгізілген ережелер бойынша, өзге елде оқуға баратын студент шетелдік университеттің шақыртуы, университет лицензиясының көшірмесі, студент пен университет арасында жасалған келісім-шарт көшірмесі, шетелге шығуға рұқсат қағаз, төлқұжат және басқа да құжаттар өткізуі керек.
XS
SM
MD
LG