Accessibility links

Құқық қорғаушы Евгений Жовтиске қатысты сот тыңдауы өтеді деп күтілуде


Бүгін Алматы облысының Бақанас ауылында Адам құқын қорғау және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық қазақстандық бюроның директоры Евгений Жовтиске қатысты сот тыңдауы өтеді деп күтілуде. Белгілі құқық қорғаушы адам өліміне әкеліп соқтырған жол-көлік оқиғасының себепкері ретінде айыпталуда.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, құқыққорғаушы Евгений Жовтис өзінің жүргізуіндегі «Тойота» маркалы автокөлігімен шілденің 26-сы күні сағат 22.30-дың шамасында Қараой-Алматы тас жолының 131-шақырымында 34 жасар жаяу жүргіншіні қағып кеткен болатын. Жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапқан еді.

Жақында халықаралық «Хьюман Райтс Вотч» құқық қорғау ұйымы Қазақстан үкіметін Евгений Жовтиске қатысты соттың әділ өтуін қамтамасыз етуге шақырды. Құқық қорғаушылар бұл істің «саяси мақсатқа» пайдаланылып кетуіне алаңдаушылық білдіруде.
XS
SM
MD
LG